Accessibility links

Ошта соққыға жығылған журналист ауруханада жатыр


Ошта соққыға жығылып, ауруханаға жеткізілген журналистің денсаулығы ауыр халде деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. "Ош шамы" газетінің тілшісі Кубанычбек Жолдошевты белгісіз адамдар дүйсенбі күні ұрып-соғып кеткен болатын.

Бұл оқиғаны Жолдошевтың әріптестері оның кәсіби әрекеттерімен байланыстырып отыр.

Осы жылы Қырғызстанда 7 журналистке шабуыл жасалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG