Accessibility links

Германия канцлері Обамамен кездесті


Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Барак Обама сейсенбі күні Вашингтонда кездесіп, Ауғанстандағы соғыс пен ғаламдық ауа-райының өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылады.

Журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Обама Германия көптеген халықаралық мәселелерде мықты одақтас болып келеді деп атап көрсетті. Обама Германияның Ауғанстанда атқарып жатқан ролін мадақтады.

Обамамен кездесуінен кейін Меркель АҚШ конгресінде сөз сөйледі.
XS
SM
MD
LG