Accessibility links

Қазақстан A/H1N1 вирусына қарсы егілетін вакцинаны дайындауда


Қазақстан A/H1N1 тұмауына қарсы егілетін вакцинаны шетелден сатып алмайды, таяуда пандемиялық тұмауға қарсы отандық вакцина клиникалық сынақтан өткізіле бастайды, — деп хабарлады бүгін республикалық СЭС-тің бас дәрігері Кеңес Оспанов.

Оның айтуынша, клиникалық сынақтан өткізілетін отандық вакцина Білім және ғылым министрлігі ғылыми-техникалық институтының базасында жасалған. Мемлекет бұл вакцинаның жасалуына жеткілікті қаржы бөлген көрінеді.

Оспановтың мәліметінше, әзірге шетелдік вакцинаны иеленуден тартынып отырған Қазақстан қажет болған жағдайда оны сатып алуға 2,8 миллиард теңге қаржы бөлу көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG