Accessibility links

«Комета S» баспасының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды


Қаржы полициясы «Комета S» баспасының директоры Юлия Козловаға қатысты қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, 22-қазан күні Юлия Козловаға қатысты қылмыстық іс бухгалтерлік және қаржылық есептер дерегіндегі бұзушылықтарға байланысты іс қозғалған. Тексеру директордың бухгалтерлік және қаржылық есептерді құжаттандырудан жалтарып және жалған ақпараттар келтіру арқылы мемлекетке 2 млн 700 мың теңге шығын әкелгенін анықтады деп хабарланды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қаржы полициясы биылғы қыркүйектің 24-і күні түнде Алматыдағы «Комета S» баспасының барлық мүлкін тәркілеп, оның қызметін уақытша тоқтатқан болатын. Осының алдында, яғни қыркүйектің 18-і күні Алматыдағы «Время-принт» баспасында «Республика - деловое обозрение» газетінің сол күнгі саны тәркіленіп, ал «Комета S» баспасында тексеру жүргізілген еді.
XS
SM
MD
LG