Accessibility links

Грузия министрі Ресей азаматтығынан бас тартты


Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадзе Ресей азаматтығынан бас тартты.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иа Махарашвилидің айтуынша, Вашадзе өзінің ресейлік төлқұжатын Ресей президенті Дмитрий Медведевке жолдап, оны ресми түрде Ресей азаматтығынан айыру туралы өтініш жасаған.

2008 жылдың желтоқсан айында сыртқы істер министрі лауазымын алған Вашадзе Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, бұрынғы Совет үкіметінің сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған.

Ресей-Грузия соғысынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түскен болатын. Бірқатар ресейлік депутаттар Ресейге қарсы әрекеттері үшін Вашадзені Ресей азаматтығынан айыруға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG