Accessibility links

Клинтон: Израиль қоныстарын кеңейтуін тоқтатуы тиіс


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, АҚШ Батыс жағалауда Израиль қоныстарының заңдылығын қабылдамайды. Вашингтон бұл қоныстардың салынуын біржолата тоқтатылуын қалайды деді Клинтон. Бұл туралы ол Қаирде Мысыр президенті Хосни Мубаракпен өткізген келіссөзінен кейін хабарлады.

Клинтон сондай-ақ Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөздері даулы Иерусалим қаласына қатысты талқылауларды да қамтуы тиіс деп атап көрсетті.

Қаирге сапарының алдында Клинтон Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісін жандандыру мақсатында Израиль мен Палестина және Араб жетекшілерімен келіссөз өткізді. Алайда сарапшылардың айуынша, бұл келіссөздерден айтарлықтай нәтиже болмаған.
XS
SM
MD
LG