Accessibility links

Сербия Младичті осы жылы тұтқындауы мүмкін


Белград соғыс қылмыстарын жасады деп күдіктелген Ратко Младичті тұтқындау үшін қолынан келгенше әрекет етуде деді Сербияның Гаага сотымен ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық кеңесінің басшысы Расим Ляич. Оның айтуынша, билік орындары осы жылдың аяғына дейін Младичті тауып, қамауға алуы мүмкін.

БҰҰ-ның соғыс қылмыстары бойынша трибуналының бас прокуроры Серж Браммерц Сербияға сапар жасайды деп күтілуде. Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылған Сербиядан Младичті қамауға алу талап етілуде.
XS
SM
MD
LG