Accessibility links

Атырауда көпір құлағанда қаза болған соңғы жұмысшының денесі табылды


Азаттықтың Атыраудағы тілшісінің хабарлауынша, облыстық судағы құтқарушылар қызметі қарашаның 5-інде Атыраудағы құлаған көпірдің салдарынан қаза болған соңғы жұмысшының денесін тапқан.

Марқұмның «Транстроймост» АҚ-ның Алматы облысы Ескелді ауданынан келген 27 жастағы жұмысшысы Талғат Базарбаев екені анықталды. Денені «Транстроймост» АҚ түнгі кезегі байқап қалған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы қыркүйектің 11-інде Атырау қаласындағы Мечников пен Баймұханов көшелерін байланыстыратын жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі Жайық өзеніне құлап, 8 адам қаза болған еді. Олардың жетеуінің денесі су астынан табылғанымен, тағы бір құрылысшының мәйіті әлі күнге іздестірілуде болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG