Accessibility links

Ақ үй Ирандағы қақтығысты бақылауда


Ақ үй Ирандағы оппозициялық шерушілерді күшпен басып тастаған қақтығысты жағдайға алаңдаушылық танытты.

Ирандық қауіпсіздік күштері сәрсенбі күні Теһрандағы үкіметке қарсы шеруді күшпен тарқатқан. Бұл наразылық акциялары Иранда осыдан 30 жыл бұрын АҚШ елшілігі басып алынған оқиғаны еске алу шарасы аясында өткен.

Ақ үй өкілі Роберт Гибстың айтуынша, Вашингтон жағдайды бақылап отырған.

Бұл атаулы күн қарсаңында АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар мен Иранның өзара күдік, сенімсіздік және қақтығыстан тыс болғанын қалайтынын айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG