Accessibility links

Ющенко өз қарсыластарын доңыз тұмауына қатысты айыптады


Украина президенті Виктор Ющенко өзінің саяси оппоненттерін елде кең тараған доңыз тұмауын ауыздықтауда немқұрайлылық танытып отыр деп айыптады.

Ющенко президенттік сайлауға түсетін қарсыластары премьер-министр Юлия Тимошенко, бұрынғы премьер Виктор Янукович, парламент спикері Володымыр Литвындарды доңыз тұмауының эпидемиясы қарқын алып келе жатқанын біле тұрып, өздерінің сайлау алды науқанына байланысты жаппай шерулер ұйымдастырды деп айыптады.

Украина үкіметі доңыз тұмауымен кісі өлімі тіркелген соң, мектептерді жауып, қоғамдық жиындарға тыйым салу сияқты бірқатар шектеулер енгізген.

Бүгінде Украинада доңыз тұмауынан 80-нен аса адам көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG