Accessibility links

Путин АҚШ-тың Opel-ге қатысты шешімін сынады


Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путин АҚШ-тың көлік жасаушы General Motors компаниясының еуропалық бөлімшесі Opel-ді ресейлік-канадалық концорциумға сатудан соңғы сәтте бас тартқаны американдық бизнесмендердің еуропалық әріптестеріне деген менсінбеушілік ыңғайын танытады деді.

General Motors компаниясы осы аптада өздерінің Opel кәсіпорнын канадалық Magna мен Ресейдің Сбербанкіне сату жоспарынан бас тартқан. Владимир Путин Ресей бұл оқиғадан сабақ алады дей келе, бірақ өз үкіметі әлі де General Motors-тың жобаларына қатысуға мүдделі екенін атап өткен.

General Motors сату жоспары кейінге қалған соң, Opel-дегі 10 мың жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеді.

АҚШ-тың бұл шешімі кәсіпорыннын Magna-ға сатылуын қолдаған Германия үкіметінің де наразылығын тудырып, германиялық сауда одақтары шеруге шығуға шақырды.
XS
SM
MD
LG