Accessibility links

Италияның ENI компаниясы Қазақстанмен әріптестік келісіміне қол қойды


Италияның энергетикалық ENI тобы Қазақстанның мемлекеттік ҚазМұнайГаз компаниясымен әріптестік келісімін жасады.

Келісімге бейсенбі күні кешкісін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италиядағы сапары кезінде қол қойылды. Қол қою шарасына Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони де қатысты.

Келісімге сәйкес, ENI мен ҚазМұнайГаз компаниялары Каспий теңізінің Исатай мен Шағала аймақтарында көмірсутегі іздейтін болады. Және Қазақстанның бұл жерлерінде газ турбинасы электр стансасын салу сияқты бірлескен жобаларды іске асырмақшы.

ENI компаниясының атқарушы директоры Паоло Скарони бұл жобаларға 50 млд. долларға дейін қаржы салынады деді.

Италияның ENI компаниясы қазіргі таңда Қашаған мұнай кенішін дамыту жөніндегі жобаларға қатысуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG