Accessibility links

Британия премьері Ауғанстан үкіметін жауапты болуға шақырды


Бүгін Британия премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстанның жаңа үкіметі жемқорлықты шешімді түрде тоқтатпаса, Британия бұл елде өз әскерін көбірек жоғалту қаупінен бас тартады деді.

Браун бұл ескертуін Лондонда сөйлеген сөзінде айтты. Ол сондай-ақ Ауғанстандағы әскери әрекеттерді Британия көшелеріндегі қауіпсіздікпен байланыстырып сөйледі.

Браунның айтуынша, Ауғанстан мен Пәкістаннан келген терроршылардың ең негізгі қаупі бүгінде Британияға төніп отыр. Бірақ ол Британия әскері Ауғанстаннан кетпейді, кете алмайды деді.

Бүгінде Ауғанстанда Британияның 9 мың әскері бар. Бұл саны жағынан Құрама Штаттардан кейінгі екінші шетелдік күштер құрамы болып отыр.
XS
SM
MD
LG