Accessibility links

Өзбекстанда мектеп, мешіттерге жақын жерде ішімдік сатуға тыйым салынды


Өзбек үкіметі елдегі оқу орындары мен діни мекемелерге жақын жерде алкогольді ішімдік сатуға тыйым салатын заң қабылдады деп Азаттықтың өзбек қызметі хабарлады.

Жаңа заң ішімдіктер оның ішінде сыраны да аталған мекемелерге 500 метр жақын арада сатуына шек қояды. Елдің салық комитеті бұл заңның орындалуын бақылайтын болады.

Өзбекстанның құқық қорғаушы белсендісі Ахмаджон Мадумаровтың айтуынша, елдегі мектептерге жақын жерде ішімдік сататын бірнеше орындар бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG