Accessibility links

Түркменстанның қоршаған ортаны қорғау белсендісі түрмеден босатылады


Өткен айда бұзақылық жасады деген айыппен бес жылға сотталған түркменстандық белгілі эколог Андрей Затока босатылады деп Азаттық радиосының түркмен қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Дашогуз аймақтық соты Затоканың ісін қайта қарап, оған түрменің орнына айыппұл төлеуді міндеттеген. Затоканың төлеуі тиіс айыппұл көлемі айтылған жоқ.

53 жасар Андрей Затока қазанның 20-сы күні базарда бір адамды соқты деп айыпталған. Оның қолдаушылары болса, Затоканың өзіне біреу шабуылдап, ол оны полиция келгенше ұстап тұрмақ болған дейді. Олардың айтуынша, полиция келгенде керісінше Затоканы ұстап, шабуылдаушыны босатып жіберген.

Биолог Затока қоршаған ортаны қорғау тобын құрып, оны түркмен билігі 2003 жылы жауып тастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG