Accessibility links

Әзірбайжанда доңыз тұмауы алғашқы рет тіркелді


Әзірбайжан елінде доңыз тұмауы белгісімен бірінші оқиға тіркелді.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Азаттықтың әзірбайжан редакциясына айтқанында, Украинадан оралған Курдамир ауданының бір әйелінен H1N1 вирусы анықталды деді.

Ол науқас қазір Бакудегі пневмания орталығына орналастырылды. Онымен байланыста болған барлық адам тексеруден өткен.

Доңыз тұмауы Украинада эпидемияға айналып, 95 адам қаза тауып отыр. Бүкіл әлемде доңыз тұмауы жұқпалы дертінен 6250 адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG