Accessibility links

АҚШ армия базасындағы атысты зерттеп жатыр


Құрама Штаттар билігі Техас штатындағы Форт Худ армия базасында психиатр сарбаздың жасаған қырғынының себеп-салдарын зерттеп жатыр.

Ол атыста 13 әскер қаза тауып, 30-дан аса адам жараланған еді. Ресмилер оқ шашқан майор Нидал Малик Хасан ес-түссіз жатыр, бірақ жағдайы бірқалыпты деп отыр.

39 жасар Хасанның ата-анасы АҚШ-қа палестинадан қоныс аударған.

Армия ресмилерінің айтуынша, Хасан Ирақ пен Ауғанстаннан оралған американдық сарбаздарға бірнеше жыл психиатриялық кеңес беріп жүрген. Ол таяуда Ауғанстандағы әскерилерге көмектесу үшін осы елге баруы керек болған.

АҚШ президенті Барак Обама барлық дәлелдер анықталмайынша, шабуыл туралы қортынды жасауға болмайтынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG