Accessibility links

Ауғанстанда 2 АҚШ әскері жоғалып, 25 әскери жараланды


НАТО әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстанның батысында американдық екі десант із-түссіз кетіп, оларды іздеуге шыққан 25-тен аса НАТО мен ауғандық күштер жараланды.

Талибан күштері НАТО бастаған күштердің екі әскерін қолдарына түсіргенін айтып отыр.

Бадғис провинциясының полиция өкілі Абдул Жабардың айтуынша, талибандар қолындағы екеу сәрсенбі күні НАТО әуе ұшағынан парашютпен секіргенде өзенге құлаған американдық сарбаздар болуы мүмкін.

НАТО бастаған халықаралық күштер өздерінің 25 және тағы ауғандық әскерлер іздеу шаралары кезінде шабуылға тап болғанын айтуда.
XS
SM
MD
LG