Accessibility links

Теһран полициясы сәрсенбі күнгі шеруден кейін 109 адам қамалды деді


Иранда сәрсенбі күнгі оппозициялық шеруден кейін 109 адам қамауға алынғанын Теһран полициясының басшысы айтты.

Генерал Азизолла Ражабзаденің айтуынша, шеруде ұсталғандардың 47-сі босатылды, 62 адам әлі қамауда отыр.

Сәрсенбі күні полиция Теһран көшелеріне билікке қарсы ұрандар айтып шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданған.

Ел оппозициясы маусым айындағы президенттік сайлаудан бері президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына қарсы шерулер өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG