Accessibility links

Саудия қажылық алдында доңыз тұманы қарсы егуді бастады


Бүгін Сауд Арабия елі доңыз тұмауына қарсы өз тұрғындарына дәрі егуді бастады. Бұл шара осы айдың соңында басталатын қажылық қарсаңында қолға алынып отыр.

Бұл елдің ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігінің ресмилері бірінші болып егуді қабылдады.

Сонымен қатар қарашаның 25-і мен 29-ы аралығында өтетін қажылыққа қатысатын барлық үкіметтерге вакцина таратылды.

Саудияның денсаулық сақтау ресмилері осы айдың басында өздерінің тапсырысы бойынша 11 млн вакцина алғандарын айтқан.
XS
SM
MD
LG