Accessibility links

Медведев: Егер прогресс болмаса, Иранға жаңа санкциялар болуы мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медведев егер Теһранның ядролық жұмыстарына байланысты алға жылжу болмаса, Иранға қарсы санкциялар салынуы мүмкін деген.

Медведев бұл туралы германиялық апталық “Шпигель” газетіне берген сұхбатында айтып, Иран жетекшілігі толық құрылымдық ұстанымда болмаса, онда іс жүзінде бәрі болуы мүмкін деген.

Ол сондай-ақ, егер Теһран мәселені шешуге бағытталған БҰҰ-ның делдалдығымен жасалған жоспарға келіссе, Ресей Иранның уранын байыту жұмысына көмектесуге дайындалды деді.

Медведевтің сұхбатының мәтіні германиялық басылымда сенбі күні жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG