Accessibility links

НАТО-ның әуе шабуылдарынан 7 ауғандық әскер қаза тапты


Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жұма күнгі НАТО-ның әуе соққысынан жеті ауғандық қауіпсіздік әскері қаза тапты.

Министрлік бұл істің тергеуге алынғанын айтуда.

Осының алдында НАТО ресмилері АҚШ сарбаздарын іздеу шарасы кезінде Бадгис провинциясында бүлікшілер әрекетінен 25 шетелдік және ауғандық күштер жараланды деп хабарлаған болатын.

Оқиға әскерилер жоғалып кеткен екі американдық әскерді іздеп жүргенде орын алған.
XS
SM
MD
LG