Accessibility links

Грузияда шерудің күшпен басылғанын еске алу шарасы өтті


Бүгін Тбилисиде жүздеген адам осыдан 2 жыл бұрын оппозициялық шерушілерді полицияның күшпен басып тастағанын оқиғасын еске алып, үкіметке қарсы шеру өткізді.

Грузия астанасындағы қоғамдық телеарна сыртына 500-дей адам жиналып, кейін қала көшелеріне шықты. Грузия оппозициясы жергілікті ақпарат құралдарын тағы да биліктің айтқанын істеп отыр деп айыптады.

2007 жылы қарашада полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, президент Михаил Саакашвилидің биліктен кетуін талап еткен мыңдаған адамды су атқылап, күшпен таратқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG