Accessibility links

АҚШ-тың Өкілдер палатасы денсаулық саласына реформаны мақұлдады


Құрама Штаттардың Өкілдер палатасы президент Барак Обама ұсынған денсаулық сақтау саласын реформалау жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Сенбі күнгі дауыс берулер барысында ол құжатты қолдап, 220 адам дауыс берсе, 215-і қарсы шықты. Қолдап дауыс бергендер негізінен демократтар болды.

Заң жобасын тағы сенаторлар мақұлдаған соң ғана, президент Обама оған қол қоя алады.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы соңғы 40 жылдағы ең ірі реформа болмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG