Accessibility links

Ресейде доңыз тұмауына қарсы егу шарасы ертең басталады


Қарашаның 9-нан бастап Ресейдің бес аймағында H1N1 вирусына қарсы дәрі егу шаралары басталады.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдегендей, вакцинаны бірінші кезекте әкімшілік құрылымдар, дәрігерлер мен мұғалімдер қабылдайды.

Әлемді жайлаған жұқпалы доңыз тұмауы дертіне қарсы Ресейде барлығы төрт вакцина дайындалды.

Емханалық тәжірибелік зерттеулер жасаған мамандар бұл дәрілердің қосымша әсері жоқ деп нақтылап отыр.
XS
SM
MD
LG