Accessibility links

Израиль президенті Аббасты биліктен кетпеуге шақырды


Израиль президенті Шимон Перес Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббасты өз шешімін өзгертіп, қаңтар айындағы сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға шақырды.

Бұл туралы Тел-Авивте айтқан Израиль президенті 1993 жылғы Палестина аймағы автономия алған Ослодағы келісімге қол қойғандардың бірі Аббас дей келе, оны билікте әлі де қалып, Израилмен диалог орнатуға шақырған.

Палестина басшысы Махмуд Аббас Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерде прогресс болмады деп өзінің қаңтардың 24-дегі сайлауға қатыспайтынын айтқан.

Мұның алдында Аббастың билікте қалуын қолдап, Араб елдері лигасының бас хатшысы да мәлімдеме жасаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG