Accessibility links

Молдоводағы газ құбырында жарылыс болды


Жексенбі күні Молдовоның оңтүстігіндегі Ресей газын Балқан аймағына жеткізетін үлкен құбыржолында жарылыс болды.

Хабарларға қарағанда, апат салдарынан газ құбырының Украинамен шекарадағы бір бөлігіне нұқсан келген. Өрт сөндіріліп, оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Ақпарат агенттіктері бұл жарылыс салдары еуропалық тұтынушыларға газ жеткізуге әсер етпейтінін жазуда.
XS
SM
MD
LG