Accessibility links

Түркменстанда қамаудағы эколог Андрей Затока босатылды


Түркмен билігі қоршаған ортаны қорғау белсендісі Андрей Затоканы бостандыққа шығарды. Бұл туралы Human Rights Watch адам құқын қорғаушы ұйым хабарлап отыр.

Ұйымның деректеріне қарағанда, өткен айта бұзақылық жасады деп бес жылға сотталған экологтың үкімі айыппұл төлеумен ауыстырылды.

Оған сонымен қатар өз пәтерінен бас тартып, елден кету міндеттелді. Андрей Затока Ресей және Түркменстан азаматтығын алған. Оның әйелі Ресейде тұрады.

Құқық қорғаушылар базарда біреудің шабуылына тап болып, полиция шақырған Затоканың өзі қамауға алынғанын айтып келеді.

Осыған дейін Затоканың өзі шеттегі түркмен оппозициясымен байланысы үшін билік өш алып отыр деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG