Accessibility links

Қытай Африкамен жақын байланыс құруды көздейді


Бүгін Қытай премьер-министрі Уен Жиабао Мысырда африкан жетекшілерімен кездесіп, бұл елге Қытай инвестициясын салу мәселесін талқылап, Африкаға 10 млд доллар несие ұсынды.

Олар Қызыл теңіздің Шарм әл-Шейх қаласында Қытай-Африка ынтымақтастығы форумы қарсаңында кездесті. Уен Жиабао Қытай өзінің экономикасын көтеру үшін Африканың тек мұнай мен басқа да шикізаттарына қол жеткізуді көздеп отыр дегенді жоққа шығарды.

Сенбі күні Қытай премьер-министрі Бейжің бұл елмен байланысын дамытуда, кедейлік тартқан Африкадағы технологияны дамытуға, инфрақұрылым мен басқа да қажетті дамуларға көмектескісі келеді деген.

Қытайдың Африка елдеріне салған инвестиция көлемі 2008 жылы 8 млд. долларға жақындады. Қытай мен Африка арасындағы сауда соңғы онжылдықтан бері он есе өскен.
XS
SM
MD
LG