Accessibility links

Түрмедегі өзбек журналисінің әйелі мен қызы көлік апатынан қаза тапты


Өзбекстанда түрмеде отырған журналист әрі құқық қорғаушы белсенді Дилмурод Саидпен кездесуге бара жатқан оның отбасы мүшелері көлік апатына ұшыраған.

Азаттықтың өзбек қызметіне Саидтың адвокаты Рухиддин Комилов хабарлағандай, Ташкенттен Дилмурод Саид отырған Навои түрмесіне бара жатқан оның әйелі Барно Жуманова мен алты жасар қызы көлік апатынан қаза тапты.

48 жасар Дилмурод Саид шілде айында бопсалау жасады әрі құжатты бұрмалады деп 12,5 жылға түрмеге жабылған. Оның өзі ол айыптауларды мойындамай, мұның саяси астары бар деген.

Журналист әрі құқық қорғаушы Саид Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайын ашық сынағаны үшін 2005 жылдан бері биліктің қудалауына түскен.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG