Accessibility links

Өзбекстан оппозиция жетекшісін түрмеден шығарды


Өзбекстанның абақтыда отырған оппозиция жетекшісі күтпеген жерден бостандыққа шығарылды.

“Күншуақты Өзбекстан” оппозициялық қозғалысының жетекшісі Санжар Умаров 2006 жылы өзбек сотының қылмыстық топ құрды және экономикалық қылмыстар жасады деген үкімімен 10 жылға түрмеге жабылған.

Умаровтың келіні Нодира Хидоятованың AFP агентігіне айтуынша, Санжар Умаров бостандықта және ахуалы жаман емес.
XS
SM
MD
LG