Accessibility links

«Комета S» баспасының директорына қарсы қылмыстық іс туралы баспасөз жиыны өтеді


Бүгін «Республика» газетін басып шығарған «Комета S» баспасының директоры Юлия Козловаға қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы баспасөз жиыны өтеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қаржы полициясы «Комета S» баспасының директорына қарсы салықтан жалтару фактісі бойынша іс қозғаған еді.

Іс қозғалардан бір ай бұрын, қыркүйектің 24-і күні түнде Қаржы полициясының бір топ қызметкерлері Алматыдағы «Комета S» баспасының барлық өндірістік мүлкін, соның ішінде тәуелсіз «Республика» газетінің тиражын, тіркелмеген «Алға» партиясының бюллетендерін, сондай-ақ бухгалтерлік құжаттардың барлығын алып кеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG