Accessibility links

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктер қарға тығылып қалған


Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жолда 8 көлік қарға тығылып қалған.

ТЖМ-нің дүйсенбі күнгі таратқан мәліметінше, Алматы облысы Райымбек ауданының шекарасынан 20 шақырым жердегі қалыңдығы 60-70 сантиметр қардан жүре алмай қалған көліктердің 4-і Қазақстанның көлігі болған.

Көлікте барлығы 19 адам болған, олардың 11-і «Қарқара» кеден бекетіне жеткізілген. Олардың арасында үсіп қалғандар жоқ деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG