Accessibility links

Астана әкімшілігі қаланы абаттандырған құрылысшылардың ақысын толық төлемеген


Астана қаласының әкімшілігі қаланың мерейтойына байланысты абаттандыру жұмыстарымен айналысқан құрылыс мекемелерімен әлі күнге есеп айырысып бітпеген, — деп жазады «Мегаполис» басылымы.

«Мұның ресми себебі бюджетте ақшаның жоқтығы. «Престиж – Новая столица», «Намир» құрылыс компаниясы және «Нурмет – НС» атты үш ЖШС өздерінің тиісті еңбекақыларын алу жолындағы әділеттілікке жете алмай жүр. Ақшаның аздау бөлігі аванс ретінде берілген. Әлі күнге өтелмеген қарыздың көлемі 24 миллион 200 мың теңгені құрап отыр», — делінген басылымның мәліметінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG