Accessibility links

Қазақстанда құлағы естімейтін балалармен жұмыс істейтін мамандар жетіспейді


Әлеуметтік бейімдеу және қалпына келтіру орталығының (САТР) мамандары Қазақстанда құлағы естімейтін балаларға операцияға қажетті медициналық жабдықтарды әкелетін фирмалардың міндеті тек тасымалмен шектелетінін айтып отыр, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ал балаларға қойылған аппаратты операциядан кейін түзеп отыратын мамандар жоқ болғандықтан ата-аналар Белоруссиядан келетін В.И. Примако деген маманның көмегін күтіп, соның шығындарын төлеуге мәжбүр.

Қазақстандық мамандар тасымалдау-жеткізу фирмаларына операцияға қажетті медициналық жабдықтармен қоса құлақ ішіндегі аппаратты түзеп отыратын мамандарды даярлауды міндетіне алсын деген ұсыныс жасап отыр.

Сонымен қатар дәрігерлер құлағына операция жасалған балалармен жұмыс істейтін мамандардың жетіспейтінін де алға тартады. Осыған қарамастан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2010-2012-жылдарға құлағы естімейтін 300 балаға операция жасауға 1 458 360 000 теңгеге өтініш беріп отыр.

Қазақстанда 2007 жылдан бері мемлекет бөлген қаражатқа 280 құлағы естімейтін балаға операция жасалған екен. Бір балаға жасалатын операция 4, 5 миллион теңгені қажет етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG