Accessibility links

Карзай: Жаңа үкіметте парақорларға орын жоқ


Ауғанстанның жаңа сайланған президенті Хамид Карзай өзінің жаңа үкіметінде жемқор ресмилерге орын болмайды деп айтты.

АҚШ-тың қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында президент Карзай Ауғанстандағы жобаларды басқару жүйесі нашар болғандықтан, донор елдер де сыбайлас жемқорлыққа біраз жауапкершілік алуы керек деді.

БҰҰ мен Батыс ресмилері Карзайдың келер әкімшілігінен Ауғанстандағы жемқорлық-парақорлықпен күресетін нақты шаралар қабыладуға шақырған.

Осы айдың басында Ауғанстанда бұрмалаушылықпен өтті деген президенттік сайлаудың екінші сатысы да әділ өтпейді деп кандидат Абдулла Абдулла сайлаудан бас тартқан соң Хамид Карзай жеңіске жетті деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG