Accessibility links

Пешаварда жанкештілік шабуылдан 3 адам қаза тапты


Пәкістан полициясының хабарлауынша, дүйсенбі күні Пешавар қаласының сыртында бір жанпидашы өзін жарып жібергенде, үш адам қаза тауып, бес кісі жараланды.

Жарылғыш зат полиция шабуылдаушыны тексеру үшін тоқтатқанда жарылған.

Осыдан бір күн бұрын Пешавардағы жарылыстан 12 адам қаза тапқан. Ол шабуылда басты нысанаға алынған, талибандарға қарсы күресіп жүрген жергілікті қала басшысы Абдул Маликте қаза тапты.

Бұл жарылыстар Пәкістан әскерилері Оңтүстік Вазиристанда талибандарға қарсы соғысын жалғастырып отырған шақта болып отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG