Accessibility links

Ирақта АҚШ-тың 3 әскери қызметкері қаза болды


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ирақтың солтүстігіндегі тікұшақ апатынан екі ұшқыш мерт болса, Анбар провинциясындағы теңізші әскер жексенбі күні жарақаты жазылмай қайтыс болды.

Әскерилер бұл екі жағдайдың да тергеліп жатқанын айтуда. Басқа ешқандай мәлімет бермеді.

Ирақта соғыс басталған 2003 жылдан бері АҚШ-тың 4360 әскер құрбан болды.
XS
SM
MD
LG