Accessibility links

Нобель сыйлығының лауреаты, академик В.Гинзбург өмірден озды


Ресейдің белгілі физигі, Нобель сыйлығының иегері Виталий Гинзбург ұзаққа созылған науқасынан кейін жексенбі күні өмірден өтті.

93 жасар академик Гинзбург 2003 жылы өте төменгі температурада қарсылықсыз электр тоғын өткізетін материалдар теориясы үшін Нобель сыйлығын иеленген.

1916 жылы еврей отбасында дүниеге келген Гинзбург советтің сутегі бомбасы бойынша жұмыс істеп Сталиннің тазалауынан аман қалған.

Гинзбург қоғамдық өмірге белсене араласып, бірнеше еңбектер жазған. Ол Владимир Путин президенттігі кезінде Ресей қайтадан тоталитарлық болып бара жатыр деген ескертулер жасаған.
XS
SM
MD
LG