Accessibility links

Ющенко тұмауға байланысты төтенше жағдай енгізудің қажеті жоқ деді


Украина президенті Виктор Ющенко елге кеңінен тараған тұмау эпидемиясына байланысты төтенше жағдай жариялана қоймайды деп отыр. Ол бұл туралы жексенбі күні теледидардан айтты.

Украинада төтенше жағдай жарияланса, Ющенконың өзі түсейін деп отырған қаңтарға белгіленген президенттік сайлау мамыр айында дейін шегерілуі мүмкін.

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына қарағанда, тұмау эпидемиясынан 144 адам көз жұмды. Он мыңдаған адам ауруханаға жатқызылды.

Украина билігі H1N1 вирусына қатысты 32 оқиға тіркеліп, оның 14-і доңыз тұмауынан қайтыс болғанын айтуда.
XS
SM
MD
LG