Accessibility links

Иран полициясы қылмыскердің қолын кеспекші


Бүгін Иранның “Ебтекар” газеті жазғандай, ел полициясы өсе түскен қылмысты тоқтату үшін Исламның қатаң жазасы қылмыскердің қолын шабуды қолданбақшы.

Иран қылмыстық полициясының басшысы Асғар Жафари “Ебтекар” басылымына берген сұхбатында, егер елде ұрлықшылардың қолын кесу жазасы басталмаса, қауіпті жағдай тудырады деген.

Шариғат заңы бойынша мұндай жаза қоғам алдында сирек орындалған.

БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғаушы белсенділері Иранды мұндай жазалаулар қолданғаны үшін айыптаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG