Accessibility links

Ауғанстанда доңыз тұмауынан 11 адам көз жұмды


Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі доңыз тұмауынан көз жұмғандар қатары 11-ге жетті деді. Министр Мохаммад Аминнің айтуынша, H1N1 вирусымен 780 адам тіркелген.

Олардың көбісі ел үкіметіне талибанға қарсы күресте көмектесіп жатқан шетелдіктер деді ол.

Қарашаның 1-де Ауғанстан үкіметі доңыз тұмауымен алғашқы оқиға тіркелгенде, үш аптаға мектептерді жауып тастап, 7 млн оқушының сабағын тоқтатып қойған еді.

Доңыз тұмауы 199 елге тарап, бүгінде бұл вирустан қаза тапқандар саны 6 мыңға жетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG