Accessibility links

Ресейде өлім жазасына мораторий жариялау мәселесі талқыға салынуда


Бүгін Ресейдің Конситуциялық соты 13 жылғы мораторийден кейін өлім жазасы үкімін қалпына келтіру керек пе, жоқ па деген мәселені талқылауды бастады.

Конституциялық соттың шешімі қаңтардың 1-не дейін шығуы керек. Сот өкілі 19 судьяның шешімі бір ай ішінде дайын болады деді.

Ресей президентінің Конституциялық соттағы өкілі Михаил Кротовтың айтуынша, өлім жазасы үкімін алып тастау сот жүйесіндегі реформалар мақсаттарының бірі дей келе, бірақ оған уақыт керек деді.

Ресей 1997 жылы Еуропалық адам құқықтары конвенциясы хаттамасына қол қойған соң, өлім жазасына мораторий жариялаған.
XS
SM
MD
LG