Accessibility links

Жовтисті жақтаушылар қадағалау алқасына шағымданбақ


Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің жақтаушылары бүгін Жовтис ісіне Жоғарғы соттың баға бергеніне қарамастан қадағалау алқасына жақын арада шағым беретіндіктерін мәлімдеді, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Жоғарғы соттың өкілі процесс бойынша өздерінің көзқарастарын білдіріп, іс жүзінде оған нүкте қояды. Бізде Жоғарғы соттың пікірі бар. Олар Жовтисті кінәлі деп санайды. Жалпы алғанда апелляция бойынша істерді тәмамдауға болатын еді. Бірақ заңгерлер оны жалғастыра береді», —Жовтисті қорғау штабының жетекшісі Сергей Дуванов.

Олар сонымен қатар Өскемендегі ОВ 156/13 қоныстандыру колониясында отырған Евгений Жовтистің мәлімдемесін ақпарат құралдарына табыс етті.

«Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның ішкі саяси процесі негізінен ішкі тартыстар мен топ аралық күреске толы. Бұл күрес соңғы екі жылда өрши бастады. Әсіресе, 2010 жылы «баламасыз» президент Н.Назарбаев 70-ке толған кезде және ол өз міндетін атқара алмай, жағдайды бақылауға шамасы келмейтін кезде, оның мұрагері кім болатыны сондай ақ, елдің әрі қарай қалай дамитыны туралы мәселе өткір бола бастады», — деп басталған құқық қорғаушының мәлімдемесі.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG