Accessibility links

Борышкерлер АФН төрайымының мәлімдемесі үкіметтің шешіміне әсерін тигізеді деп отыр


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Алматыдағы АФН ғимаратында наразылық акциясын өткізген борышкерлер Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау агенттігінің (АФН) төрайымы Елена Бахмутованың мәлімдемесі үкіметтің борышкерлерге қатысты мәселеде дұрыс шешім қабылдауына кері әсерін тигізеді деп отыр.

Наразылық акциясына шыққан борышкерлердің өтініштеріне аталған агенттіктің өкілдері 15 күн ішінде жауап беретіндерін айтты.

«Халыққа баспана қалсын» қоғамдық қозғалысы төрағасы Есенбек Үктешбаевтың айтуынша, қараша айының 20-сында үкімет парламент депутаттарының борышкерлер мәселесіне қатысты жолдаған сауалына жауап беруі тиіс.

ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова 28-қазан күні Bnews.kz ақпараттық порталындағы online-конференцияда мемлекеттің қарызын төлей алмаған борышкерлерге қолдау көрсетпейтіні туралы мәлімдеме жасаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG