Accessibility links

Солтүстік және Оңтүстік Кореяның әскери кемелері оқ атысты


Бүгін Корей түбегінің батыс жағалауында оңтүстік және солтүстік кореялық соғыс кемелері оқ атысты.

Оңтүстік Кореяның әскерилері солтүстік кореялық күзет қайығы елдің даулы шекара сызығынан өтіп кетіп, екінші тараптың ескерту оғын атуына түрткі болған деп айтты. Одан кейін Солтүстік кореялық кеме де оқ атып, теңізде қақтығыс орын алған.

Оңтүстік Корея бұл атыстан солтүстік кореялық кеме қатты зақымданды деді. Бірақ адам шығыны туралы мәлімет жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG