Accessibility links

АҚШ саяхатшыларының отбасы Иранның тыңшылық айыптарын қабылдамай отыр


Теһранда үш айдан аса қамауда отырған үш американдық саяхатшының отбасы мүшелері оларға Иран билігі таққан айыпты қабылдамай, олар қыдырып жүріп, шекарадан абайсызда өтіп кеткен деп отыр.

Теһранның бас прокуроры Аббас Жаффари Доулататаби дүйсенбі күні АҚШ-тың үш азаматы 27 жасар Шейн Бауер, 31 жастағы Сара Шурд пен 27-дегі Джош Фатталға тыңшылық жасады деген айыптар тағылды деген.

Олардың АҚШ-тағы туыстары ол айыптарды теріске шығарып, ол шындыққа келмейді деді.
XS
SM
MD
LG