Accessibility links

Әзірбайжан ішкі істер министрін сынаған редактордың үстінен іс қозғалды


Әзірбайжанның ішкі істер министрі Рамиль Усубов заңгер әрі газет редакторы Еиуб Каримовтың үстінен іс қозғады. Бұл туралы Азаттықтың әзірбайжан қызметі хабарлап отыр.

“Фемида-007” деп аталған газет редакторы Каримов қылмыстық және заң мәселесіндегі тақырыпты қамтитын басылым. Оның редакторы елде ұйымдасқан қылмыс өсіп барады деген мақалада ішкі істер министріне тіл тигізген деп айыпталып отыр.

Министр Усубов редактор Каримовты қамауға алуды талап еткен. Бірақ Каримов газеттегі мақалада бұрынғы ішкі істер министрі Маммадов ұсталған соң, елдегі қылмысқа байланысты министрлік сыналды, ешкім тіл тигізген жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG