Accessibility links

ТМД-ның қорғаныс министрлері Душанбеде кездесуде


Бүгін Тәжікстан астанасында ТДМ елдерінің қорғаныс министрлері кездесіп, 57-ші кеңесін өткізді деп Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

ТМД-ның қорғаныс министрлерін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдаған. Бұл кездесуде достастық елдерінің әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тәжікстан жетекшісі аймақтағы әскери құрылымдардың өзара бірлесе жасаған жұмысы ТМД кеңістігіндегі басқа да салаларды дамытуға үлгі болады деген үмітін білдірді.

Душанбедегі кездесуде терроризм, экстремизм және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес мәселелеріне, ТДМ-ның қорғаныс мекемелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге баса назар аударылды.

ТДМ-ның қорғаныс министрлерінің жиынына Қазақстан, Ресей, Беларус, Армения, Украина, Молдово, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің ресми өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG