Accessibility links

БҰҰ Ауғанстанның сайлауын заңды деп жариялады


БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Ауғанстанның президенттік сайлауы жаппай бұрмалаушылықтар болды деген күдіктерге қарамастан, шындыққа сай заңды болды деп мәлімдеді.

192 елден тұратын Ассамблеяның бірауыздан қабылдаған қарарында, Ауғанстанның жаңа сайланған президенті Хамид Карзайды заң талаптарын күшейтуге, жемқорлықпен күресіп, сот жүйесін дамытуға шақырған.

20-шы тамызда өткен сайлау кезінде заңбұзушылықтар болды деп Карзайдың қарсыласы дауыс берудің екінші турына қатысудан бас тартқан. Бірақ БҰҰ-ның ассамблеясы Хамида Карзайдың елді одан әрі басқару құқына күмән келтірмейді.
XS
SM
MD
LG